Telegram өзге қолданбалардай жеке дерегіңізге сүйеніп жарнама жасамайды. Демеуші хаттары тек жария арнаның тақырыбына сай таңдалады. Демеуші хатын сол Telegram арнаға кіргендердің бәрі көреді. Демек, Telegram жарнама көрсету үшін қолданушының жеке дерегін алмайды да, талдамайды да деген сөз.
Telegram өзге қолданбалардай демеуші хатын басқаныңызды тіркемейді әрі соған сүйеніп сіз жайлы дерек жинамайды. Демеуші хатына сыртқы сілтеме қоюға да тыйым салдық. Осылайша, үшінші тарап жеке дерегіңізге қол жеткізе алмайды. Әркім жеке дерегінің құпия болуына құқылы әрі оны платформалар құметтеуі керек.
Telegram серверлік және трафиктік шығындары бар жүздеген миллион қолданушыға ақысыз және шектеусіз қызмет ұсынады. Тәуелсіз және өз құндылықтарына адал болу үшін Telegram қолданушылардың құпиялығын ескере отырып, хаттарды көтеру үшін ақылы құрал құрды. Біз жауапты жарнама берушілерді шақырамыз:
https://ads.telegram.org
Демеуші хаттары қазір сынақ режімінде. Олар толық іске қосылып, Telegram өз шығындарын жапқан соң жарнама табысын демеуші хаттар көрсетілетін жария арналардың иелерімен бөлісе бастаймыз.
Енді онлайн жарнама қолданушының жеке өміріне қол сұғумен байланыстырылмауы керек. Технологиялық компания қалай жұмыс істеу керектігін жаңадан ұсынайық – сізбен бірге.